Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және Орталығымыздың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында Амангелді ауданының А. Боранбаев атындағы мектебінде осындай жарқын атаумен тренинг өткізілді.
Педагог-психолог Ш.Ф. Магзумова бұл жаттығу барысында қандай нәтижеге қол жеткізгісі келді? Командалық рухты нығайту, өзара құрмет пен сенімді арттыру, қарым-қатынасты жақсарту, ұжымдағы жағымсыз көңіл-күйден арылу, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Керемет мақсаттар! Бұл мақсаттарға қол жеткізуге «Бір-бірімізбен амандасу», «Көңіл-күйді білу», «Ғажайып сыйлық», «Молекула», «Көңілді шеңбер», «Кім жылдам» сияқты жаттығулар көмектесті.
Бұл тренингтік тапсырмалар оқушылардың көңілінен шыққанына күмән жоқ! Демек, тренинг өте пайдалы әрі нәтижелі өтті.