Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектепте мектептің Психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында маңызды да жылы кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасындағы сенімді нығайту, балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және олардың эмоциялық қажеттіліктерін түсіну болды.
Ата-аналар «Мен қандай ата-анамын?» және «Бала тәрбиесінде қандай қиындықтарға тап боламын?» деген сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Бірлескен пікір алмасу әрқайсысына өзінің ата-аналық стилі жайында ойланып, даму жолдарын табуға көмектесті.
Кездесудің негізгі бөлігіне күрделі отбасылық жағдайларды талдауға арналған жағдаяттық тапсырмалар кірді. Қатысушылар бұл сәттерде өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы шешімдер ұсынды – бұл шынайы тәжірибе алмасуға айналды!
Кездесу соңында сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және өзара түсіністікті арттыруға бағытталған психологиялық тренинг өткізілді. Ата-аналар белсенділік танытып, «сұрақ-жауап» сессиясы арқылы өздерін мазалаған мәселелерді талқылап, қолдау алды.
Осындай маңызды кездесулерге қатысушылардың ашықтығы қуантады – олар педагог-психологтармен бірлесіп жылы атмосфера қалыптастырып, ең бастысы – балаларына деген қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға талпынуда.
Әр отбасыда сенім, қолдау мен махаббат үнемі орнап тұрсын!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg