Науырзым ауданының Дәмді жалпы орта мектебінде педагог-психолог Л.М. Айдарбекова ата-аналар үшін «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жиналыс өткізді. Іс-шара Орталығымыздың «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – ата-аналарға балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселелері туралы ақпарат беру және олардың қауіпсіз әрі қолдау көрсететін орта қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өту.
Іс-шара барысында:
зорлық-зомбылық түрлері мен оның алдын алу жолдары талқыланды,
нақты жағдайлар қаралып, тиімді шешу тәсілдері ұсынылды,
балалар мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату маңыздылығы атап өтілді,
тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Ата-аналарға балалармен ашық сөйлесудің, оларды тыңдап, қиын сәттерде қолдау көрсетудің практикалық кеңестері берілді.
Құрметті ата-аналар, балаға қамқорлық жасау – отбасындағы сыйластықтан, махаббат пен қауіпсіз ортадан басталады!