Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ
110005, Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі 162, 2 корп., анықтама үшін телефон: 8 (714)251-18-49, электронды мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
.
ӘДІСКЕР
Лауазымы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері.
Мекенжайы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Қостанай қ, Баймагамбетов көшесі 162.
Біліктілік талаптары: конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден:
- тиісті бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
- ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы сертификат;
- жұмыс өтілі қажет.
Қосымшадағы әдіскердің лауазымдық міндеттері.
Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтілі мен білім деңгейіне байланысты 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 22-30 шілде аралығында, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 162.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі мен қабылдау орны: 2024 жылғы 22-30 шілде аралығында, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 162.
Конкурсқа электрондық немесе қағаз түрінде қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты Мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
- педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Бос лауазымға орналасуға келесі құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қосымша
ӘДІСКЕРДІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Лауазымдық міндеттері.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру процесінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз етеді. Шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Ұйымдардағы педагогикалық жұмыстың жай-күйін талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады.
Білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсетеді. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарының педагогикалық және өзге де кеңестерінің қызметіне, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктерінің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады.
Өз бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға, әзірлеуге; басқа ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға; қосымша білім беру педагогтары лауазымына мамандарды іріктеуге қатысады.Өз бағыты бойынша «ҚББДӨО» КММ-ның ағымдағы және болашақ жоспарлауына қатысады.
Ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді, облыс педагогтарына өз бетімен білім алуға көмек көрсетеді. Озық практикалық тәжірибені таратуға және енгізуге ықпал етеді. Өз бейіні бойынша жаңа жобалар мен бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді. Ата-аналармен қарым-қатынас жасау жұмысын ұйымдастырады. «ҚББДӨО» КММ-ның басқа бөлімдерімен, бөлімшелерімен қарым-қатынас жасайды. Өз бағыты бойынша облыстың білім мекемелеріне әдістемелік, консультативтік кеңес, тәжірибелік көмек көрсетеді.
Өз бағыты бойынша қызмет мониторингін жүзеге асырады. Озық тәжірибені насихаттау жөніндегі материалдарды жариялауды жүзеге асырады. Жоғары оқу орындарымен, БАҚ, аудандық білім беру бөлімдерімен, балалар ұйымдарымен және облыстың басқа да мекемелерімен ынтымақтасады. Есептік және есептік құжаттаманы уақтылы ресімдейді. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Еңбек кодексін» және білім мәселесі бойынша басқа да нормативті-құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; жас топтарына қарай психологияны, тәрбиелеу жұмысының әдістерін, педагогикалық ғылымның дамыту негіздерін, бағдарламалық-әдістемелік құжаттаманы жүргізу ретін және принциптерін, білім беру мекемелерінде маниторинг негіздерін, санитарлық ережелерін және нормаларын, еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын, өртке қарсы қорғаныс пен техника қауіпсіздігінің ережелерін білу.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, бұдан басқа: балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша жаңа педагогикалық бағдарламаларды өз бетінше әзірлеуі тиіс.
тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.