Лисаков қаласының жалпы білім беретін мектебінде тәрбие жұмысы аясында психолог-ұстаз О.П. Капник ата-аналарға «Бір-бірімізді түсінуді үйренеміз» тақырыбында танымдық тренинг өткізді.
Іс-шараның танысу кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, топта жұмыс істеу ережелерін қабылдады. Ерекше жаттығулардың бірі – «Балалық шаққа саяхат» болды, мұнда олар әр баланың ата-ана тарапынан қолдауға, түсіністікке және қамқорлыққа мұқтаж екенін сезінді. Ал рефлексия кезеңінде тренингке қатысушылар әрбір ата-ананың міндеті – балаларына деген махаббат, қамқорлық және көңіл бөлу екенін түсінді.
Әр түрлі жағдайларды ойнап көру психикалық басымдықты жеңілдетіп, топта сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесті. Сондай-ақ, бірлескен жұмыста қатысушылар бір-бірінің пікірін, ойын тыңдап, ортақ келісімге келді.
Барлық қатысушылар мұндай тренингтердің өздеріне қажет екенін атап өтті, себебі олар отбасындағы қарым-қатынасты дұрыс құруға, балаларын түсінуге үйретеді.