Соколов мектебінің оқушыларымен тәрбие жұмысы аясында педагог-психолог «Сынып портреті» тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты — біртұтас ұжым құру және оқушылардың жеке ерекшеліктерін түсіну.
Сабақ барысында қатысушылар сыныптың күшті және әлсіз жақтарын талқылады, көшбасшылар мен көмекке мұқтаж оқушыларды анықтады. Балалармен «Менің портретім күн сәулесінде», «Онға дейін санау», «Қызықты іс-шара үшін рақмет» сияқты жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулар әрбір оқушының ұжымның маңызды бөлігі екенін сезінуге, өзара түсіністік пен құрметті дамытуға көмектеседі.
Тренингтің қорытынды жаттығуы сыныптың ұжымдық «портреті» болды, ол топтың ерекшеліктері, құндылықтары мен әлеуетін бейнеледі. Сонымен қатар, балалар бір-біріне тілектер жазылған ашықхаттар жасап, сыйлады. Тренинг өнімді әрі қызықты өтті, ең бастысы — балаларға ұнады.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg