«Қазақстан – біздің үйіміз» атты облыстық патриоттық және отбасылық тәрбие жобасы аясында Арқалық қаласындағы Т. Әубәкіров атындағы орта мектептің 5-9 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттандыру.
Тренингтің басында педагог-психолог оқушыларға зорлық-зомбылықтың не екенін, оның түрлерін түсіндірді. Оқушылар тапсырмаларды орындауда командалық жұмыс пен ақыл-ойдың тереңдігін көрсетті, ал «Сәлемдесу-танысу» жаттығуы барысында өз есімдерінің алғашқы әрпімен жеке қасиеттері туралы айтып берді.
Тренингке қатысушылар рефлексияға белсенді қатысып, өз эмоцияларын ашық білдірді, бірақ кейбір қиындықтар да болды. Қорытындысында оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдірді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg