Қостанай қаласындағы №6 мектепте ата-ана қауымдастығы үшін «Ең алдымен біз ата-анамыз» атты тренингтер өткізілді. Бұл шара біздің Орталықтың «Отбасы клубы» облыстық жобасы және психолого-педагогикалық сүйемелдеу аясында ұйымдастырылды.
Тренингті педагог-психолог Б. Кульмуратова ұйымдастырды. Оның мақсаты: ата-аналардың тәрбие мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыру, ата-аналық қамқорлықтың маңыздылығын түсіну, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға ынталандыру.
Ата-ана мен бала арасындағы байланыс бірлігін сезіну үшін педагог-психолог қатысушыларға бірнеше тапсырма орындауды ұсынды. Сондай-ақ, тәрбиелеу мәселесі бойынша әңгіме өткізілді, ата-аналар балаларымен қарым-қатынасын қалай қалыптастыратынын айтып берді. Іс-шара жақсы әрі жоғары деңгейде өтті.