Облыстық «Отбасы клубы» жобасы аясында Б. Майлин ауданындағы №2 мектепте ата-аналарға арналған жиын өтті. Жиында балалардың отбасыдағы қарым-қатынасы талқыланып, ата-аналарға балалардың мінез-құлқын түсіну және олардың эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша кеңестер берілді.
Ата-аналарға баланың психологиялық дамуындағы орны, оның отбасыдағы рөлі, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлері мен модельдері туралы ақпарат ұсынылды. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, баланың ішкі әлемін түсіну және ата-ана мен бала арасында сенімді байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналарға балаларын қолдау, олардың жеке ерекшеліктеріне қарай сөйлесу туралы пайдалы кеңестер берілді. Барлық қатысушылар бұл кеңесті пайдалы әрі қажет деп бағалады.
Жиын соңында ата-аналар арасында көңіл-күйді көтеру және жақсы атмосфера қалыптастыру мақсатында тренингтер өткізілді.