Облыстық «Қазақстан – біздің үйіміз» патриоттық және отбасылық тәрбие жобасы аясында Сарыкөл ауданындағы Сорочинская орта мектебінде педагог-психолог Н.К. Джумагулова оқушыларға «Жақсы көңіл-күй формуласы» тақырыбында тренинг өткізді.
Сабақтың мақсаты – «жаман» және «жақсы» көңіл-күй ұғымдарымен ассоциациялық қатар құру, қатысушылардың ойлау белсенділігін арттыру.
Тренинг барысында балаларға топта түрлі жаттығулар орындау ұсынылды. Әрқайсысы жақсы тілек алды. Олар бір-біріне жағымды сөздер айтып, позитивті ойлау мен денсаулықты сақтау, сондай-ақ жақсы көңіл-күймен өмір сүруді үйренді. Сабақтың соңында оқушыларға жадынамалар мен кеңестер берілді.