Ұстаздар мен ата-аналарға білім мен қамқорлығы үшін алғыс білдіру мақсатында №2 ҰОМ оқушылары «Сіздердің еңбектеріңіз үшін рахмет» науқанын өткізді.
Науқан аясында балалар педагогтарға символдық сыйлықтар мен шынайы алғыс сөздерін әзірледі. Оқушылардың жүректен шыққан жылы сөздері тек қана мақтау емес, сондай-ақ олардың еңбегіне деген құрметтің белгісі болды.
«Сіздердің еңбектеріңіз үшін рахмет» науқаны басқа адамдардың еңбегін бағалап, құрметтеудің маңыздылығын көрсетті. Ал, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен қолдау – қоғамымызды мықты әрі бірлікті ететін фактор.