Науырзым ауданының Дәмді орта мектебінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Оны тәрбие жұмысы және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету аясында педагог-психолог Айдарбекова Л.М. ұйымдастырды.
Қазіргі заманда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Баланы қалай қорғау және оған қауіпсіз орта қалыптастыру керектігін түсіну – әрбір ата-ана мен педагогтың басты міндеті. Сондықтан жиналыстың мақсаты – ата-аналарға қиын жағдайларға қалай әрекет ету керектігін және олардың алдын алу жолдарын түсінуге көмектесу болды.
Жиналыс барысында ата-аналармен интерактивті сабақтар өткізілді. Олар ата-аналарға балалармен конструктивті қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, зорлық-зомбылықтың ықтимал белгілерін анықтауға және қақтығыс жағдайларын шешудің жолдарын табуға мүмкіндік береді.