«Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық патриоттық және отбасылық тәрбие жобасы аясында Амангелді ауданы Амантоғай орта мектебінің педагог-психологы Есенаманова А.Ж. 5-6 сынып оқушыларына «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында ойын түріндегі тренингтік сабақ өткізді. Мақсаты – балалардың өз өмірін қаншалықты бағалайтынын және ондағы орнын қаншалықты түсінетінін анықтау.
Сабақта өмірге деген оң көзқарасты қалыптастырудың, рухани құндылықтарды дамытудың және өмір мағынасын түсінудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараның міндеттері – ойындық және тренингтік тәжірибелер арқылы оқушылардың эмоциялық жағдайын жақсарту, өмір мәнін түсініп, ұғынуға көмек көрсету, рухани дамуға ықпал ету, дискуссия мен рефлексияға белсенді қатысу арқылы өмірлік ұстаным қалыптастыру.
Іс-шара оқушылардың бұл әлемдегі өз орнына деген ішкі сенімін қалыптастыруда маңызды қадам болды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg