Науырзым ауданы Өлеңді орта мектебінің педагог-психологы Досмағамбетова А.Т. 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Білім – өмір бойы: не үшін және қалай?» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды жасөспірімдердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі білім алу үрдістерін қолдауға шақыру.
Педагог-психолог ата-аналармен балаларды тәрбиелеуде жиі кездесетін қателіктерді және бүгінгі күні жасөспірімдерге қандай дағдыларды дамыту қажет екенін талқылады. Қатысушыларға жетістікке жету үшін бірнеше өмірлік қадам ұсынылып, өмір бойы білім алудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша балалардың тұрақты түрде өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалуы қажет деген шешім қабылданды. Бұл – ата-аналардың басты міндеті. Жалпы, көптеген қызықты пікірлер айтылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg