«Отбасылық клуб» облыстық жобамыз аясында және Сарыкөл ауданының Крылов негізгі мектебінде қызметі аясында 5-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға мектептегі теріс топтық қысым және буллинг жағдайларында балалармен дұрыс өзара әрекеттесудің дағдыларын қалыптастыру.
Педагог-психологтың ұйымдастыруымен әңгіме барысында келесі сұрақтар қарастырылды: егер балаңызға қысым жасалса, не істеуге болмайды, балалардың киберкеңістігін қалай бақылауға болады және бұл үшін қандай бағдарламаларды қолдану керек. Жалпы, ата-аналар мектеп ортасындағы буллингтің және әлеуметтік желілердегі кибербуллингтің қалай өрбитінін, оларға қалай қарсы тұру керектігін түсінді.
Сабақ соңында ата-аналарға «Менің балама мектепте қысым жасалса. Не істеу керек?» және «Киберкеңістіктегі қауіпсіздік» атты буклеттер таратылды. Бұл ақпарат оларға бұл мәселелерді жақсырақ түсінуге және өз балаларын қолдауға көмектеседі.