Ершов негізгі мектебінде Ұзынкөл ауданының сынып жетекшілері, мектептің педагог-психологы және ПЖК жасағы бірлесіп «Зиянды әдеттерге жоқ!» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына арналған сынып сағатын өткізді. Іс-шара “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі азаматтық құқықтық тәрбие айлығы аясында ұйымдастырылды.
Жасөспірімдерге зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері туралы айтылып, өз денсаулығына деген көзқарасты қалай өзгертуге болатыны талқыланды. Олар әдеттердің күнделікті өмірдегі рөлін зерттеп, өздерінің әдеттерін объективті түрде талдап, зиянды әдеттерді айқындап, олардың адамға және оның қоршаған ортаға әсерін қарастырды.
Оқушылар өз әрекеттерін бақылауды үйреніп, олардың салдары үшін жауапкершілікті түсінудің маңыздылығын сезінді. Сабақ нәтижесінде оқушылар зиянды әдеттердің теріс салдарын ескере отырып, денсаулығын сақтау қажеттігіне келді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg