Облыстық «Отбасылық клуб» жобамыздың аясында Сарыкөл ауданы Тагиль орта мектебінің педагог-психологы Джваридзе Н.В. мен сынып жетекшімен бірлесіп, ата-аналарға арналған «Бір-бірімізді түсінуді үйренеміз» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – жақын байланыстағы адамдар арасында психологиялық ахуал қалыптастыру және оң қарым-қатынастар орнату.
Қатысушыларға түрлі жаттығулар ұсынылды, сонымен қатар «Балалық шаққа оралу» атты музыкалық сүйемелдеумен аутотренинг ұйымдастырылды. Оның мақсаты – ата-ананың қолдауы мен махаббаты баланың бақыты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету. «Отбасындағы балалар» бейнеролигі көрсетіліп, қатысушылар сюжетке талдау жасап, өз пікірлерін білдірді.
Тренинг соңында ата-аналардың басты міндеті – баласына деген махаббатын, қамқорлығын және мейірімін көрсету екендігі туралы ортақ тұжырымға келді. Қатысушылар бір-біріне белсенді жұмысы үшін алғыстарын білдіріп, пікір алмасудың және ортақ шешім табудың маңыздылығын атап өтті. Ойын жағдайларын қолдану психологиялық шиеленісті жоюға және қатысушылар арасында сенім атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысушыларға балалар тәрбиесіне қатысты жадынамалар таратылды.
Жалпы, кездесу оң бағаланды. Қатысушылар отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және тұрақты, жылы қатынастар орнатуға көмектесетін осындай тренингтердің қажеттілігін атап өтті.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg