Тәрбиелік жұмыс және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету орталығының қызметі аясында Меңдіқара ауданы Қаратал орта мектебінің педагог-психологы О.Қозыбаев атындағы мектеп ата-аналарымен «Жасөспірімдік жастағы дағдарыс» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты – жасөспірімдік жастың ерекшеліктерін түсіндіру, сондай-ақ ата-аналарға балаларына осы күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, түсіністік таныту бойынша ұсыныстар беру.
Жасөспірімдік кезең жиі психоэмоционалдық өзгерістермен қатар жүреді, бұл ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарда қиындықтар туындатуы мүмкін. Педагог-психолог осы дағдарыс кезінде баланың ішкі сезімдері мен қиындықтарын жеңуіне қалай көмектесуге болатыны туралы маңызды ақпаратпен бөлісіп, тиімді қарым-қатынас әдістерін ұсынды.
Кездесу барысында жасөспірімдік дағдарыстардың алдын алу жолдары, балалардың эмоционалдық тұрақтылығын сақтау және отбасында өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды.
Іс-шара ата-аналарға жасөспірімдердің психологиясын жақсырақ түсінуге және осы қиын кезеңде оларды тәрбиелеуге қажетті пайдалы әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді. Қорытындысында қатысушыларға балалармен жұмыс жасауға арналған қосымша материалдар мен ұсыныстар берілді.