Бүгін, 28 қаңтар, бұған дейін хабарланғандай, біздің Орталық провайдермен бірлесіп, ППМАЖ «HR+» платформасында авторлық «Сигнал» бағдарламасын қолдану бойынша психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге арналған экспериментті енгізу бойынша оқыту семинарларының сериясын бастады
Алғашқы онлайн-семинарға Қостанай ауданының 60 психолог маманы қатысты.
Бұл аудандағы жалпы білім беретін мектептерде эксперимент қазірдің өзінде іске қосылды. Оның мақсаты – «Сигнал» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарды психологтар үшін барынша ыңғайлы ету, бұл өз кезегінде 5-11 сынып оқушылары арасында тоқсан сайын жүргізілетін сауалнамалардың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Семинар барысында психологиялық қызмет мамандары платформаны қолданудың техникалық қырларын, соның ішінде редакциялау, технологияларды пайдалану, кәмелетке толмағандардың жауаптарын жүктеу элементтерін меңгерді.
Қазіргі уақытта автоматтандырылған бағдарламаға Қостанай облысының барлық аймақтары қосылған. Осы бағыттағы келесі қадам – ППМАЖ «HR+» платформасында 5-11 сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайын кешенді диагностикалау үшін «Сигнал» бағдарламасын қолдану.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg