Сіздерге шығармашылық байқауымыз – «Сторителлинг» өз мәресіне жеткенін және жеңімпаздар анықталғанын қуана хабарлаймыз!
Әділ қазылар алқасына облыстың 17 аймағынан талантты жастардан 75 бірегей жұмыс ұсынылды. Бұл бейнероликтерде тек оқиғалар ғана емес, сезімге, жаңалықтарға, күлкі мен көз жасына толы тұтас өмір бейнеленді.
Бұл әңгімелер жүректі тереңнен тебірентті, себебі оларда қиындықтарды жеңу, өз жолын табу, жақындарына деген сүйіспеншілік пен арманға деген сенім бар. Әрбір оқиға адамды ойландырып, жанашырлыққа жетелеп, жас таланттардың шеберлігіне тәнті етеді.
Ал, енді әділ қазылар мен көрермендердің жүрегін жаулаған жүлдегерлерді таныстырайық!
Мектеп оқушылары арасында
Бірінші орын иегерлері:
Сарыкөл ауданы, Барвинов мектебінен Алижан Байдосов; Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы №23 мектептен Варвара Буркова;Денисов ауданы, №3 мектептен Сабина Нұрғалиева; Әулиекөл ауданы, И.Я. Сьянов атындағы мектептен Кира Роот.
Екінші орын иегерлері:
Меңдіқара ауданы, Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп лицейінен Айдана Баракатова;Сарыкөл ауданы, Урицкий мектеп лицейінен Анастасия Маковка; Федоров ауданы, Абай атындағы орта мектептен Виктория Каюмова; Тобыл №2 орта мектебінің мықты командасы: Ізбасқан Ақниет, Жорабек Шахназ, Жансая Бахатбекқызы, Нұрай Шәріпбай, Данияр Мұллатай, Санжар Абдибеков, Қаламқас Бекенова және Аружан Сүлеймен!
Үшінші орын иегерлері:
Рудный қаласы, №10 гимназиясынан Арина Карасатова; Арқалық қаласы, №10 мектептен Айсәуле Нұрлан.
Колледж студенттері арасында
Бірінші орын жеңімпаздары:
Рудный политехникалық колледжінен Даяна Казтаева және Никита Жуланов; Қостанай политехникалық жоғары колледжінен Анастасия Бобкова; Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінен Виолета Арцыбасова.
Екінші орын:
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінен Роман Соколов.
Үшінші орын:
Қостанай автомобиль көлігі колледжінен Молдияр Мутуновқа бұйырды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға ерекше батылдықтары мен таланттары үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз – шабыт пен үміт сыйлайтын нағыз қазына!
Ұстаздар мен тәлімгерлерге ерекше алғыс – сіздер жас таланттардың қабілетін ашуға және керемет жұмыстарды дайындауға көмектестіңіздер!
Бұл байқау сіздер үшін жаңа жетістіктер мен жеңістерге бастау болатынына сенімдіміз! Келесі байқауларда кездескенше!

 

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg