Біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында Рудный қаласындағы №2 гимназияда ата-аналар жиналысы өтті. Жиында оқушылардың жетістіктері мен олардың қауіпсіздігі талқыланды.
Әсіресе, кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Кибербуллинг мәселесі, әлеуметтік желілердегі қауіптер және интернеттегі құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қарастырылды.
Ата-аналарға балалардың интернетте кездесетін қауіптері және олардан қорғану жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар, гимназия әкімшілігі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелерін түсіндіріп, барлық оқу процесіне қатысушылар үшін цифрлық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.
Ата-аналар жиналысы ашық диалогқа, өзекті мәселелерді талқылауға және білім сапасын арттыруға, балалар үшін қауіпсіз цифрлық орта құруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге маңызды алаң болды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg