Біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» патриоттық және отбасылық тәрбие беру бойынша облыстық жобасы аясында Науырзым ауданы Шолақсай орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту және логикалық ойлауын дамытуға бағытталған «Көңілді тапқырлар» байқауы өтті.
Іс-шараны педагог-психолог С.Т. Стамқұлова ұйымдастырып, балаларды белсенді қатысуға ынталандыратын қызықты тапсырмалар мен ойындар дайындады. Оқушылар бар ынтасымен тапсырмаларды орындап, өздерінің білімпаздығы мен тапқырлығын көрсетті. Әрбір тапсырма олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Байқау жоғары деңгейде өтті және балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай зияткерлік байқаулар балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg