Алтынсарин ауданының Зуев жалпы білім беретін мектебінде 9, 10 және 11-сыныптардың сынып жетекшілері мен мектептің психологиялық қызметі бірлесіп, ата-аналарға арналған буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша тренинг өткізді.
Мақсаты – ата-аналардың буллинг пен кибербуллинг мәселелерін, олардың жасөспірімдерге тигізетін әсерін түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ бұл жағдайлардың алдын алу және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектесу.
Сабақ интерактивті форматта, топтық талқылаулар, рөлдік ойындар, жағдайларды талдау және негізгі фактілерді таныстыру арқылы өткізілді. Мұндай әдіс ата-аналарды үдеріс барысында белсенді қатысуға ынталандырып, ақпаратты қабылдау тиімділігін арттырады.
Өткізілген сабақтың артықшылықтары – интерактивті формат арқылы ата-аналардың жоғары деңгейде қатысуы, тәжірибе мен пікір алмасу мүмкіндігі, буллинг пен кибербуллинг жағдайларына әрекет ету бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Алдағы уақытта форматты кеңейту ұсынылады. Психологтар мен педагогтардың қосымша сессияларын өткізу және қызығушылық танытқан ата-аналар үшін жеке кеңес беруді ұйымдастыру қажет.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg