Қостанай қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінде біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында ата-аналар жиналысы өтті. Педагог-психологтармен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналарды қолдау.
Кездесудің басты мақсаты – тиімді тәрбие беру әдістерін талқылау, балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, дербестік сезімін дамыту болды.
Ата-аналар тәрбиедегі жиі кездесетін қателіктерді қарастырып, өз ойларымен бөлісіп, мамандардың ұсынымдарын тыңдады. Талқылау нәтижесінде қатысушылар ортақ пікірге келді: әрбір ата-ананың басты міндеті – балаға махаббат, қамқорлық және жан жылуын сыйлау.
Ата-аналар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, олардың балалардың үйлесімді дамуы мен отбасылық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.