Біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында Әулиекөл ауданы Москалев орта мектебінде «Отбасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Педагог-психолог С.А. Буркина ұйымдастырған іс-шара ата-аналардың зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға және отбасындағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Педагог-психолог ата-аналар ашық пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылай алатын сенімді орта қалыптастырды. Қатысушылар зорлық-зомбылықтың белгілері, оның алдын алу әдістері және көмек пен қолдау көрсететін қолжетімді ресурстар туралы ақпарат алды.Сонымен қатар, отбасындағы жанжалдардың алдын алуға және тиімді қарым-қатынас орнатуға арналған практикалық ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар өз реакциялары мен балаларды тәрбиелеуге деген көзқарастарының анағұрлым саналы бола түскенін атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – балаларға қауіпсіз және бақытты балалық шақ сыйлау. Егер сіз отбасыңызда зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның бар екеніне күмәндансаңыз, үнсіз қалмау маңызды.Есіңізде болсын, көмек әрдайым жанымызда, сіз жалғыз емессіз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.