«Қазақстан – ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында Фёдоров ауданының Кенарал орта мектебінде 10-11 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті.
Мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас және топта жұмыс істеу дағдыларын бекіту, сынып ұжымын біріктіру, сондай-ақ психология мен өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылар екі командаға бөлініп, психология саласындағы білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Бірінші кезеңде командалар өздерін таныстырып, қазылар алқасына әсер қалдыруға тырысты. Екінші сайыс достықтың мәнін еске түсіруге арналды. Үшінші кезеңде қатысушылар эмоцияларын мимика арқылы білдіруде жарысты.
«Сиам егіздері» сайысында оқушылар бір-бірімен үйлесімді әрекет етуге, келіспеушіліксіз және даулы жағдайларсыз бірге жұмыс істеуге үйренді. Келесі кезеңде телефон арқылы сөйлесу барысында ойларын нақты әрі дұрыс жеткізу, тыңдау және есту қабілеттерін дамыту маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара өте қызықты өтті, оқушылар өз қабілеттерін көрсетіп, қаншалықты талантты, зерек, қызығушылығы жоғары және білімді екендерін дәлелдеді!