Амантогай орта мектебінде Амангельді ауданының ата-аналарымен біздің орталықтың «Отбасылық клуб» жобасы аясында кездесулер өткізілді.
Педагог-психолог А.Ж. Есенаманова және оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.Е. Абдрахманова ҰБТ-ға дайындық кезеңінде балалар мен ата-аналардағы күйзеліс деңгейін төмендетуге бағытталған түсіндіру әңгімесін өткізді.
Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – ата-аналарды балалардың өміріндегі маңызды кезеңге дайындау, оларға осы қиын кезеңде балаларын қалай дұрыс қолдауды түсіндіру.
Психолог, емтихандарға дайындық психоэмоционалдық кернеумен өтетінін түсіндіріп, балалар үшін үйде қолайлы атмосфера құрудың маңыздылығын атап өтті.
Ата-аналарға осы тақырып бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар берілді, сондай-ақ пайдалы ақпаратпен жадынамалар таратылды. Жағдайды жақсырақ түсіну үшін тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Мұндай кездесулер ата-аналар үшін де, балалар үшін де өте маңызды. Оқушылардың психологиялық денсаулығы мен әл-ауқаты туралы сөз болғанда‼️маманның жақсы кеңесі әрқашан пайдалы.