Амангелді ауданы Тасты жалпы білім беретін мектебінде ата-аналармен өзара әрекеттесу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс, соның ішінде, Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Мысалы, жуырда мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетуге арналған маңызды шара өтті. Оның мақсаты – ата-аналарға олардың әрекеттері мен қарым-қатынасының баланың эмоционалдық және зияткерлік дамуына әсерін түсінуге көмектесу, сондай-ақ балаларымен тиімді және сенімді қарым-қатынас орнатуға қолдау көрсету.
Кездесу «Баланың өміріндегі ата-ананың рөлі» деген атаумен өтті. Әңгіме барысында қатысушыларға тәрбиенің негізгі аспектілері, сондай-ақ ата-ананың баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Жалпы алғанда, ата-аналар баланы дұрыс тәрбиелеу туралы жан-жақты ақпарат алды! Өз кезегінде, олар мектеп психологына осындай пайдалы шара ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg