«Қызығушылық бойынша достар», «Қашықтағы достар», «Достық көпірі» және «Мейірімді жүрек» – тақырыбындағы тренингтер Әулиекөл ауданының Новонежин жалпы білім беретін мектебінде педагог-психологтың бастамасымен біздің Орталықтың «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – сенім, өзара түсіністік пен қолдауға үйрету, достықтың маңыздылығын түсіну.
Тренингке 5–7 сынып оқушылары қатысты. Олар қашықтықта болса да жалғасқан достықтары туралы оқиғаларымен қуана бөлісті.
Педагог-психолог пен қатысушылар тақырыпты талқылай келе, кез келген жастағы адам үшін қарым-қатынас жасап, достармен және таныстармен ортақ қызығушылықтар табу маңызды деген ортақ пікірге келді.
Мұндай тренингтердің құндылығы – балалардың әлеуметтік және эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. Бұл дағдылар балаларға айналасындағы адамдармен дұрыс әрі үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.