Бұл іс-шара Қарасу ауданының Люблин мектебінде өтті. Оқу орнының психологиялық қызметі оны балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу және Орталықтың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарды педагогтармен бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыру арқылы тәрбиелеу, оқыту және балалардың дамуы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жағдай жасау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар шығармашылық тұрғыда келді – көңілді байқаулар мен ойын-сауық бағдарламаларын дайындады. Сондықтан қатысушылар – ата-аналар мен олардың балалары – өзекті тақырыптарды талқылап қана қоймай, танымал әншілерді пародиялап ән айтты, сахналық қойылымдарға және импровизацияларға қатысты.
Тренингтік тапсырмалар арасында ерекше қызығушылық тудырғаны – «Көзқарас арқылы таны» жаттығуы болды. Ата-аналар балаларымен көзбе-көз қарап отырып, олардың армандарын, ішкі жан дүниесін, тілектерін түсінуге тырысты. Шынымен де ерекше әсер қалдырған, әрі пайдалы жаттығу ол балаларды жақсырақ түсінуге, сезінуге үйретеді❗
Ата-аналар бұл шарадан кейін бірлескен іс-әрекет отбасы құндылықтарының жүйесін қалыптастыратынына, баланың танымдық қызметіне жағымды эмоционалдық әсер беретіндігіне, әлеуметтік маңызы бар шығармашылыққа және рухани қарым-қатынасқа жетелейтініне көз жеткізді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg