Бүгінгі таңда мектептерде буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілуде. Бұл – дұрыс шешім. Балалық шақтағы мұндай жағымсыз жағдайларды үнемі бақылауда ұстау қажет!
Осы бағытта Алтынсарин ауданының Қызылқорған орта мектебінде педагог-психолог Кудерина А.Ж. «Абай болыңыз – суицид» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Іс-шара сондай-ақ біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында өтті.
Мақсат – ата-аналарды өзіне-өзі қол жұмсаудың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарымен таныстыра отырып, балалар үшін қауіпсіз және қолдаушы орта қалыптастыру.
Жиналыс барысында ата-аналардың жасөспірімдердің қандай қиындықтарға тап болатыны туралы хабардарлығын арттыруға арналған тренинг өтті. Әсіресе, «Бақыт туралы хат» атты жаттығу көптің көңілінен шықты. Қатысушылар екі топқа бөлінді: «балалар» және «ата-аналар». Балалар ✍ ата-аналарға бақытты болу үшін не қажет екені туралы хат жазса, ата-аналар ✍ балаларға ата-ана бақыты үшін не маңызды екенін жазды.
Сонымен қатар қатысушыларға өзіне-өзі қол жұмсаудың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін ата-аналар бұл «ауыр» тақырыпты белсенді түрде талқылап, психолог тарапынан баламен үйлесімді қарым-қатынас орнату және кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы кез келген өзгерістерге мұқият болу бойынша бірнеше пайдалы кеңестер алды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg