Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 орта мектепте өте нәзік тақырыпқа арналған маңызды іс-шара өтті – балаларға жыныстық тәрбие беру.
Іс-шараға мектеп оқушылары – қыз балалар қатысты. Шараға Арқалық қалалық ауруханасының гинеколог-дәрігері У.М. Молдашева және қалалық полиция басқармасының инспекторы М.Ж. Байсалбекова шақырылды.
Мамандар осы тақырыпқа байланысты бірқатар кеңестер беріп, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қиын жағдайларда қайда және кімге жүгінуге болатынын түсіндірді.
Іс-шараның екінші бөлімі сыртқы сұлулық тақырыбына арналды. Мұғалімдер мектеп формасының маңыздылығы және ішкі-сыртқы сұлулық үйлесімінің мәні туралы ақпаратпен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу, өмірлік маңызды мәселелер бойынша олардың хабардарлығын арттыру үшін аса қажет.