Осындай атаумен Қарабалық ауданының «Айналайын» балабақшасында тренингті педагог-психолог Д.К. Аманжолова ұйымдастырды.
Баламен үйлесімді қарым-қатынас орнату – сәбилердің жасы кіші кезден бастап қолға алынуы тиіс маңызды іс. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардың психологтары ата-аналармен әңгімелесулер, кеңестер өткізумен қатар, осындай тренингтер де ұйымдастырады.
Іс-шараның мақсаты – «әке–ана–бала» арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру, өзара ашықтықты арттыру, психоэмоционалдық кернеуді төмендету.
Мұндай бала мен ата-ананың бірлескен сабақтарының құндылығы неде? Олар ата-аналар үшін конструктивті қарым-қатынас жасауды үйренетін алаңға айналады. Сонымен қатар ата-аналар өз баласына басқа ортада, тосын жағдайда сырт көзбен қарап, басқа отбасылардың өзара әрекеттесу үлгілерін көреді.
Ең маңыздысы – ата-аналар мұндай іс-шаралардың тиімділігін көріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіреді. Олар мұндай тәжірибе мен басқа отбасылармен жылы атмосферада пікір алмасу мүмкіндігі үшін ризашылықтарын жеткізеді!