Алтынсарин ауданына қарасты Зуев жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылары ұжымда тиімді қарым-қатынас жасауға және күйзеліске байланысты жағдайларға дұрыс әрекет етуге үйренді. Бұл маңызды тренингті мектептің педагог-психологы сынып жетекшілерімен бірлесіп өткізді.
Алдымен оқушыларға күйзеліс дегеніміз не, ол қашан және не себептен пайда болатыны, адамның мінез-құлқы мен айналасындағылармен қарым-қатынасына қалай әсер ететіні түсіндірілді. Кейін күйзелісті жеңу жолдары қарастырылып, кейбір әдістер бірден тәжірибе жүзінде қолданылды.
Тренинг барысында ең тиімді элементтердің бірі – ойындар болды. Мысалы, «Екі теке» ойыны оқушыларға ымыраға келудің және өзгелердің пікірін ескерудің маңыздылығын түсінуге көмектесті. «Шарды беру» ойыны шиеленісті жеңілдетуге, үйлестіру қабілетін дамытуға және топпен жұмыс істеуге үйретті. Ал «Контакт» ойыны оқушыларға вербалды емес қарым-қатынас орнатуға және қатарластарынан қолдау сезінуге мүмкіндік берді.
‼️ Барлық сыныптарда өткен тренинг сәтті өтті – балаларға тапсырмалар ұнады, ал алған дағдыларын олар «пайдалы» деп атады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруда және күйзелісті жағдайлармен күресуге бейімдеуде маңызды рөл атқарады.