Осындай мағыналы атауға ие тренинг Лисаков қаласындағы №1 мектепте өтті. Тренингке 3 «В» сыныбынан 9 отбасы қатысты. Бұл шараны мектептің психологиялық қызметі және біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырды.
Бұл жай ғана тренинг емес, нағыз қайта түрлену болды! Қатысушыларға отбасылық жағдайларды сахналау ұсынылды, бірақ ерекше тәсілмен: ата-аналар балалардың, ал балалар ата-аналарының рөлін сомдады. Бұл тәсіл ата-аналар мен балаларға бір-бірінің орнына түсіп, өз әрекеттері мен сөздеріне сырт көзбен қарауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ «Суретшілер-табиғатшылар» ойыны қызықты өтті. Бұл ойында қатысушылар қылқаламның орнына дене мүшелерімен: саусақтарымен👇, алақандарымен🖐🏻, шынтақтарымен, аяқтарымен🦶, беттерімен, мұрындарымен👃 сурет салды. Бұл ойынның маңызды тұсы – ата-аналар өз қорқыныштары мен ішкі кедергілерінен арылып, өздерін және балаларын еркін сезінуге мүмкіндік беруі, қуаныш пен еркіндіктің дәмін татуы.
Психологтың отбасымен жұмыс істеудің осындай түрлеріне жасаған талдауы көрсеткендей, ата-аналар балаларымен ойнауды, өздерін бала сезінуді және балалық шақтағы қуанышты сәттерді еске түсіруді ұнатады. Дегенмен, кейбір аналар мойындағандай, бастапқыда мұндай ойындарға қатысу оңай болмады – ішкі тосқауылдар мен ыңғайсыздық болды (басқалар мен туралы не ойлайды екен деп).
Рефлексия барысында ата-аналар мұндай кездесулердің балаларын жақсырақ түсінуге көмектесетінін айтты, ал бұл – тренингтің мақсаттарына қол жеткізілгенін білдіреді!