Оқушылардың бір-бірін жақсырақ танып, достық қарым-қатынасты нығайтуы, қолдау көрсетуді үйренуі және сыныптастарының мықты жақтарын байқауы мақсатында Қарасу ауданы Павлов мектебінде «Біздің тату сыныбымыз» атты қызықты тренинг өтті.
Бұл тренинг мектептің психологиялық қызметі мен облыстық «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобасы аясында педагог-психолог Раджабов Р.М.-ның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Тренинг барысында оқушылар сынып – жай ғана адамдар тобы емес, өзара сыйластық, түсіністік және қолдау маңызды болатын біртұтас команда екенін түсінуге көмектесетін бірнеше интерактивті жаттығулар орындады.
Сабақтың соңғы кезеңі – «Сынып портретін» бірігіп жасау болды. Бұл шығармашылық тапсырмада оқушылар өз ұжымының ерекшеліктерін, көңіл күйі мен құндылықтарын сурет арқылы жеткізді.
Тренингтің нәтижесі ретінде, мектеп психологының айтуынша, тек сыныптағы психологиялық ахуал жақсарумен шектелмей, әр оқушының маңыздылығын сезіну де қалыптасты. Қатысушылар бір-бірін жақсырақ түсіне бастағандарын, біртұтас ұжымның мүшесі екенін сезінгендерін және сыныптастарына қамқор болудың қаншалықты маңызды екенін ұғынғандарын атап өтті!