Амангелді ауданы Тасты орта мектебінде «Бала өміріндегі ата-ананың рөлі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі психологиялық сауаттылығын арттыру.
Тәрбие сағаты мазмұнды әрі әсерлі өтті. Ата-аналарға тәрбиелік мәні терең бейнероликтер көрсетіліп, олардың қатысуымен психологиялық тренинг жүргізілді.
Балаларда ата-анаға деген құрметті көзқарасты қалыптастыру, олардың еңбегі мен сөзсіз қолдауының маңыздылығын ұғындыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың өміріне эмоциялық тұрғыдан қатысу және дер кезінде психологиялық көмек көрсету – тек бала үшін ғана емес, өздері үшін де маңызды екені ескертілді‼️
Ата-аналар талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Кездесу соңында олар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, мектеп психологына өткізілген шара үшін алғыстарын білдірді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg