Қазір мектеп бітіруші түлектер үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де өте жауапты әрі толғанысты кезең. Осыған байланысты оқу орындарында ата-аналар жиналыстары өткізіліп, онда баланы емтиханға дайындық кезеңінде қалай қолдау керектігі түсіндіріледі.
Осындай маңызды байланыс алаңын мектеп пен оқушы отбасы арасында орнату мақсатында Әулиекөл ауданы Тимофеев орта мектебінің психологтары ұйымдастырды.
Жиналыс барысында мамандар оқушылардың тек оқу дайындығына ғана емес, олардың және ата-аналардың психоэмоциялық жағдайына да ерекше назар аударды.Олар ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-ананың рөлі мұғалімнен кем еместігін атап өтті. Ата-ананың басты міндеті – үйде жайлы атмосфера қалыптастыру, балаға сенім ұялату және уайыммен күресуге көмектесу ✊✊✊.
Ата-аналарға көмек ретінде олардың эмоциялық жағдайын жақсарту және балаларымен байланысын нығайтуға бағытталған психологиялық жаттығулар өткізілді.Ата-аналар бұл жаттығуларға үлкен қызығушылықпен қатысып, мұндай кездесулер тек жаңа білім беріп қана қоймай, баласына сенімді тірек болуға көмектесетінін атап өтті!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg