Арқалық қаласындағы М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте ата-аналар балалар арасындағы буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты аса өзекті тақырыпты талқылады.
Іс-шара ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тақырып расымен де өткір болғандықтан, қатысушыларға мектеп психологтары, сынып жетекшілері мен мұғалімдер ұсынған ақпарат аса қызықты әрі пайдалы болды.
Педагогтар ең алдымен кәмелетке толмағандар арасындағы осындай жағымсыз көріністердің алдын алу шаралары туралы айтып, ата-аналарға балаларының психологиялық жағдайын бақылауға, олардың достық қарым-қатынастарын дұрыс қалыптастыруға және мектептегі мәселелерге дер кезінде назар аударуға үйретті.
Мектептегі іс-шаралар пайдалы өткен кезде ата-аналар үнемі жақсы пікірлер қалдырады. Бұл жиналысқа қатысты да олар пайдалы ақпарат алғандарын және оны бала тәрбиесінде міндетті түрде қолданатындарын атап өтті.