Амангелді ауданының Бүйректал орта мектебінде 5–11 сынып оқушыларына арналған буллинг пен вандализмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті. Бұл шара мектептің Психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың облыстық «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобасы аясында психолог-педагог А.М. Анасова мен әлеуметтік педагог М.С. Кулекешованың ұйымдастыруымен өтті.
Тренингтің мақсаты – буллингтің алдын алу, балаларға агрессияға қарсы тұру дағдыларын дамыту, сондай-ақ вандализм мен бұзақылық әрекеттер үшін жауапкершілік түсінігін қалыптастыру.
Барлық жаттығулар балаларға жылы қарым-қатынастың, сондай-ақ өз игілігіміз үшін жасалған заттарға ұқыпты қараудың маңыздылығын қарапайым және түсінікті түрде жеткізуге бағытталды. Бір-бірін және өзге адамдардың еңбегін құрметтеу – тренингтің басты идеясы болды.
Оқушылардың айтуынша, бұл тренинг өте пайдалы өтті, өз-өзіне сенімділікті арттырып, көптеген құнды мәліметтер берді.