Рудный қаласындағы №20 орта мектепте оқушылар мен ата-аналарға арналған көптеген іс-шаралар жоспарланған. Жуырда бұл жерде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтіп, онда оқушылардың үлгерімі мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Жиналысқа құқық қорғау органдарының өкілдері де шақырылды. Олар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, балалармен қарым-қатынас жасау мен бос уақытын бақылауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Мектеп психологтары ата-аналармен буллинг, суицидтік мінез-құлық және дабыл белгілерін дер кезінде қалай байқауға болатыны, сондай-ақ баланы қалай қолдау керектігі жөнінде әңгімелесті. Мамандардың кеңестеріне ата-аналар құлақ асады деп үміттенеміз.
Ал оқушылар үшін мектепте танымдық іс-шара ұйымдастырылып, оларға «Шоқан Уәлихановтың ізімен» атты фильм көрсетілді. Балалар бұл фильмнен ұлы қазақ ғалымы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен мұрасы туралы көп жаңа әрі қызықты мәліметтер алғандарын айтты.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg