Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің/кибербуллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ата-аналар жиналысы Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 7 «а» сыныбында өтті.
Іс-шараны сынып жетекшісі Ә.М. Баймұхамбетова мен мектеп психологы С.Н. Абрамова біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырды.
Кездесу «кофе-брейк» форматында өтті. Бұл – ата-аналармен шынайы, сенімді және жайлы атмосферада ашық сөйлесу үшін арнайы ойластырылған. Себебі, тақырып өте маңызды және күрделі болғандықтан, оң көзқарас қалыптастыру маңызды болды.
Ата-аналар балалардың мектептегі қарым-қатынасына, сыныптастарымен қалай тіл табысатынына ерекше қызығушылық танытты. Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар туралы көп сұрақтар қойылды: оларды сыныптастары шеттетпей ме, олар көмекке немесе психологиялық қолдауға мұқтаж ба деген сияқты.
Жалпы, кездесу өте нәтижелі өтті. Соңында қатысушылар педагогтармен бірлесе отырып, интернеттегі қарым-қатынас ережелерін жасап шықты. Енді әрбір ата-ана бұл ережелерді өз баласына міндетті түрде түсіндіруі тиіс!