30 сәуір күні Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс жөніндегі өңірлік орталық «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын арттыру және жағымсыз құбылыстардың алдын алу бойынша заманауи стратегиялар» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады.
Сіздерді білім беру мекемелерінің өкілдерімен, ювеналды полиция қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымдармен, Қостанай облысының білім беру саласының әдіскерлерімен және жақын шетелдерден келген жетекші сарапшылармен кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың бір бөлігі болуға шақырамыз.
Бірге өзекті мәселелерді талқылап, заманауи стратегияларды қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдер арасында ассертивтілік, өміршеңдік, күйзеліске төзімділік қасиеттерін дамыту және аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлейміз. Конференция психология және білім беру саласындағы жаңа идеяларды қолдауға да бағытталған.
Конференцияға білім бөлімдерінің әдіскерлерін, желілік үйлестірушілерді, психологиялық қызмет мамандарын, мектеп директорларын және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қатысуға шақырамыз.
Қатысушыларға барлық қажетті ақпарат алдын ала жолданады.