Қостанай қаласындағы №17 орта мектепте оқушыларға арналған түрлі психологиялық сабақтар өткізіліп келеді. Жуырда мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында салауатты өмір салтын насихаттайтын тренинг ұйымдастырылды.
«Менің таңдауым – денсаулық» тренингі тек қана салауатты өмір салтын ұстанудың және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығы туралы әңгімелермен шектелмей, сонымен қатар, өз өміріне және айналадағы адамдардың өміріне деген жауапкершілікті арттыратын жаттығуларды да қамтыды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тыйым салынған заттарды қолданудың қаупін түсінуіне, спортпен шұғылдануға, шынығу шараларына, интеллект пен рухты дамытатын қызығушылықтарға басымдық беруіне ықпал етеді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg