Жақында Науырзым ауданының Докучаев жалпы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына темекі тартудың, вейптердің, алкоголь мен есірткі заттарын пайдаланудың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл маңызды кездесу мектептің психологиялық қызметі мен «Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу», «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобалары аясында ұйымдастырылды. Мақсаты – жоғары сынып оқушыларының денсаулығын сақтау.
Педагог-психолог А.А. Хамзина жасөспірімдерге есірткіге байланысты мәселелер туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуға көмектесетін дағдыларды дамыту міндетін қойды.
Жасөспірімдік кезең – балалардың ересек болуға ұмтылып, өзін еркін ұстауға, қоғамда құпталмайтын немесе мүлдем тыйым салынған нәрселерге қызығушылық танытатын уақыты. Дәл осы кезеңде біз, ересектер, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруіміз керек, оларды жат әрекеттерден қорғауымыз қажет.
Осындай ашық әңгімелер жүргізіліп, пайдалы кеңестер айтылатын кездесулер оқу орындарында жиі өткізілуі тиіс деп санаймын.

 

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg