Жангелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде оқушыларға арналған психологиялық тренингтер үнемі өткізіліп тұрады. Жуырда мектептің ПҚ жұмысы және біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобасы аясында бірден екі тренинг ұйымдастырылды. Оған екінші сынып және 5–10 сынып оқушылары қатысты.
Әрине, психологтар Жағалбайлина П.Ш. мен Сәкенқызы Г. барлық жаттығуларды балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеді.
«Менің сыныбым» атты алғашқы тренингтің мақсаты – оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас деңгейін анықтау және жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастыру болды.
Сабақтың басында балалардың эмоциялық күйін анықтау үшін «Менің көңіл-күйім» жаттығуы орындалды. Кейін ұжымдық ауызбіршілікті арттыруға және жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауына бағытталған тапсырмалар орындалып, балалардың көңіл-күйі айтарлықтай көтерілді. Қорытынды – тренинг сәтті өтті!
5–10 сынып оқушыларымен өткізілген екінші тренинг те оң эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыруға арналды. Барлық жаттығулар тұлғааралық қатынастарды жақсартуға, ептілік пен шапшаңдықты дамытуға, сондай-ақ жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды! Сонымен қатар, әр сыныпта буллинг тақырыбы талқыланды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg