Алтынсарин ауданының Силантьев мектебінде «Буллинг: бірге қарсы тұрамыз» атты топтық жұмыс элементтерімен тренинг-сабақ өтті. Іс-шара 4-сынып оқушыларына арналған, мектептің ПҚ жұмысы және біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына буллинг көріністері туралы түсінік беру, оған қарсы тұру қабілетін қалыптастыру.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог-психолог Лысенко Ю.Б. бұл маңызды тақырыпты түсіндіруде «Ұсқынсыз үйрек» мультфильмінен үзінділерді пайдаланды. Шығармашылық тәсіл!
Көрсетілімнен кейін оқушыларға «Бұл қандай ертегі? Үйрек қандай сезімдер тудырды? Неліктен оны ренжітті?» деген сұрақтар қойылды. Мұндай тәсілдің арқасында балалар буллинг ұғымын, оның қалай көрініс табатынын және оған қалай қарсы тұру керек екенін оңай түсінді.
Алған білімдерін олар арнайы жаттығулар арқылы бекітті. Әсіресе, «Стоп буллинг!» ойыны ерекше әсер қалдырды. Психолог түрлі командалар берді. Егер әрекет бейтарап немесе жағымды болса, оқушылар оны қайталады. Ал агрессия элементтері бар (мысалы, «көршіңді итер») командалар кезінде балалар бас бармақты төмен қаратып «Стоп буллинг!» деп дауыстап жауап берді.
Сабақ соңында ерекше сыныптық рәсім өтті: барлық қатысушылар бір-біріне «Керемет күн үшін рахмет!» деп айтты. Ал педагог-психолог балаларға белсенділік, ашықтық және жақсы көңіл-күй үшін алғыс білдірді.
Бұл балалардың қолдау, өзара көмек пен ұжым ішіндегі достық қарым-қатынастың маңыздылығын ұғынғанына сенімдіміз!