Іс-шараның атауы өте қызықты! Бірақ бұл ата-аналарға ультиматум емес – керісінше, балаларды тәрбиелеуде үлкендерге көмек көрсетуге, сондай-ақ өз қажеттіліктері мен мәселелерін түсінуге бағытталған ниет.
Дәл осындай мақсатты көздеген Қостанай қаласындағы №22 орта мектептің педагог-психологы Ю.С. Соснина, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» және «Отбасылық клуб» жобалары шеңберінде шеберлік-сағатын ұйымдастырды.
«Ата-ана өзінен не күтеді?» деген сұраққа жауап беру үшін психолог «Тепе-теңдік дөңгелегі» жаттығуын өткізді. Бұл жаттығу өмірдің негізгі салаларын және сол салаларға қаншалықты қанағаттанатынымызды көрнекі түрде көрсетеді. Сонымен қатар, «Өмірлік басымдықтар» атты ассоциативті тест те қызықты өтті.
Бала үшін ең басты үлгі – ол сіз, оның ата-анасы. Өзіңізге назар аударыңыз: айналаңызбен қалай сөйлесесіз, балаңызбен қарым-қатынас қандай, қандай өмірлік басымдықтар қоясыз?
Әрине, біз қандай ана немесе әке боламыз – бұл өз ата-анамызбен орнатқан қарым-қатынасымызға да байланысты. Бірақ әр адам үнемі өзін дамытуы керек! Бүгінгі таңда мектептерде осындай жобалардың болуы – өте қуанышты жағдай. Олар ересектерге ата-аналық шеберліктерін шыңдауға көмектеседі!