Осындай маңызды мәселелер Новопокров жалпы білім беретін мектебінде көтеріліп, Ұзынкөл ауданының ата-аналары кездесуге шақырылды. Іс-шара ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында өтті.
Жиналыстың мақсаты – балалардың денсаулығына, табысына және бақытты болуына әсер ететін негізгі аспектілерді талқылап, олардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған тәжірибелік ұсыныстар беру.
Педагог-психолог балалардың жалпы әл-ауқаты үшін эмоционалдық жағдайының маңыздылығы туралы айтып берді. Ата-аналармен бірге отбасында сенімді қарым-қатынас орнату, баланың күйзелісті күйін дер кезінде байқай білу және қиын жағдайда көмек көрсету жолдары талқыланды.
Ең бастысы – қатысушыларға отбасындағы психоэмоционалды ахуалды жақсартудың тәжірибелік әдістері ұсынылды! Яғни тек өзекті мәселелер талқыланып қана қоймай, нақты жағдайда қалай әрекет ету керек екені де үйретілді.
Мұндай білім мен дағдылар ата-аналарға өте қажет, сондықтан олар алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұруды ұсынды!