Облысымызда жүзеге асырылып жатқан буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында, біздің Орталық ұсынған ұсыныстар негізінде, Щербаков мектебінде «Ұжымшылдық пен ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында бірқатар тренингтер өткізілді.
Бұл тренингтерге 9–11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – оқушылар арасындағы ұжымдық қарым-қатынасты нығайту және тиімді командалық өзара әрекеттестікті қалыптастыру.
Белгілі жайт – сыныптың қаншалықты ұйымшыл екені әр баланың психологиялық ахуалына тікелей әсер етеді. Сынып ішіндегі қарым-қатынас, оқушының беделі оның оқу үлгеріміне, тәртібіне, өзін-өзі тануына және тіпті болашақтағы ересек өміріне де әсерін тигізеді.
Ұжымшылдықты дамытуда сынып жетекшісінің рөлі ерекше маңызды. Сондықтан тренингтер мектептің педагог-психологтары (О.А. Ребро, С.С. Мизамбаева, И.С. Марченко) мен сынып жетекшілерінің бірлесуімен жүргізілді.
Жаттығулар сынып жетекшілердің өздігінен де осындай тренингтік форматта сынып сағатын өткізуіне мүмкіндік беретіндей етіп таңдалды. Яғни, балалар ойын барысында тәжірибе жинақтап, оны бекіте алады.
Мұндай іс-шаралар оқушылар ұжымына оң әсерін тигізіп, сыныптағы бірлік пен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді!